Жаңалықтар
20 қазан 2026

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Құрық кентіндегі ERSAI өнеркәсіптік-логистикалық хабына барып

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Құрық кентіндегі ERSAI өнеркәсіптік-логистикалық хабына барып

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Құрық кентіндегі ERSAI өнеркәсіптік-логистикалық хабына барып, заманауи контейнерлік терминал құрылысының барысымен танысты.

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Құрық кентіндегі ERSAI өнеркәсіптік-логистикалық хабына барып, заманауи контейнерлік терминал құрылысының барысымен танысты.nnЖылдық жобалық қуаты 120 мың ЖФЭ болатын терминалды хаб аумағында Lancaster Group және Atasu Group компаниялары салып жатыр. Жобаның жалпы аумағы 50 мың шаршы метрді құрайды. Құрылыс жұмыстарының 85%-ы орындалған, нысанды ағымдағы жылдың желтоқсан айында пайдалануға беру жоспарланған.nnТерминал теңіз, теміржол және автомобиль көлігімен тасымалданатын контейнерлік және жалпылама жүктерді өңдеуге арналған. Оның жұмысы үшін заманауи тиеу-түсіру техникасы қарастырылған. Олардың қатарында маневрлік локомотивтер, жүк көтергіштігі 45 тонна болатын екі порттық рельсті козловты кран, порттық буксир, ричстакерлер және жүк көтергіштер бар.nnERSAI өнеркәсіптік-логистикалық хабының жалпы ұзындығы 1 300 метрді құрайтын жеті айлағы, жеке акваториясы және кемелердің жыл бойы қауіпсіз жүзуін қамтамасыз ететін кіреберіс каналы бар. Инфрақұрылымды дамыту аясында тереңдету жұмыстары да жүргізіліп жатыр. Бұл шөгу тереңдігі үлкен кемелерді қабылдауға және өңделетін жүк түрлерін кеңейтуге мүмкіндік береді.nnЖаңа контейнерлік терминал Қытайды, Қазақстанды, Каспий маңы елдерін, Кавказды және Еуропаны байланыстыратын Транскаспий халықаралық көлік бағдарының әлеуетін арттырады. Нысан толық іске қосылған кезде 60 жаңа жұмыс орны ашылады.nnСапар барысында облыс әкімі өңірдің көлік-логистикалық инфрақұрылымын дамытуға бағытталған жобалардың маңыздылығын атап өтіп, құрылыс жұмыстарын сапалы әрі уақытылы аяқтау қажеттігін айтты.