Жаңалықтар
18 қараша 2026
ERSAI Participates in Roundtable on Kazakhstan–Korea Transport and Logistics Cooperation
ERSAI Қазақстан мен Корея арасындағы көлік-логистикалық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған кездесуге қатысты
2026 жылғы 18 қарашада Алматы қаласында Корея Республикасының Қазақстандағы Елшілігі мен KOTRA-ның Алматыдағы сауда өкілдігі ұйымдастырған көлік және логистика саласындағы дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға ERSAI компаниясы, Кореяның тоғыз логистикалық компаниясы және басқа да ұйымдардың өкілдері қатысты.
Кездесу барысында ERSAI Каспий теңізіндегі порт инфрақұрылымының мүмкіндіктерін, компанияның ағымдағы қызметі мен даму жоспарларын таныстырды.
Тараптар Транскаспий халықаралық көлік бағытын (Орта дәліз) дамыту перспективаларын, халықаралық жүк тасымалдарын кеңейту және қазақстандық және кореялық компаниялар арасындағы әріптестіктің жаңа мүмкіндіктерін талқылады.
ERSAI халықаралық іскерлік байланыстарды нығайтуға және Қазақстанның көлік-логистикалық әлеуетін дамытуға бағытталған ынтымақтастықты қолдайды.