Жаңалықтар
15 қазан 2026

ERSAI — TransLogistica Kazakhstan 2026 көрмесінде

ERSAI — TransLogistica Kazakhstan 2026 көрмесінде

14–16 қазан күндері Астанада, EXPO IEC алаңында TransLogistica Kazakhstan 2026 халықаралық көлік-логистика көрмесі өтуде. ERSAI іс-шараға қатысып, порттық және жобалық логистика саласындағы тәжірибесін таныстыруда.

14–16 қазан күндері Астанада, EXPO IEC алаңында TransLogistica Kazakhstan 2026 халықаралық көлік-логистика көрмесі өтуде. ERSAI іс-шараға қатысып, порттық және жобалық логистика саласындағы тәжірибесін таныстыруда. «ЕРСАЙ Теңіз Порты» бас директоры Ғазиз Баймұхамедов III Breakbulk Kazakhstan Conference аясында спикер ретінде сөз сөйледі. Конференция ірі габаритті және ауыр салмақты жүктерді тасымалдауға, Орталық Азиядағы мұнай-газ, энергетикалық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға арналған. Сессияның негізгі тақырыптары — Транскаспий халықаралық көлік жолы (ТХКЖ), «Солтүстік — Оңтүстік» дәлізі және басқа бағыттар бойынша мультимодальдық шешімдер, жобалық логистикадағы тәуекелдерді басқару, сондай-ақ жасанды интеллект пен деректер аналитикасын салада қолдану. Көрмеде ERSAI мен Atasu Group бірлескен жобасы да таныстырылды — Құрық қаласындағы (Маңғыстау облысы) ЕРСАЙ Индустриялық портының аумағында салынып жатқан контейнерлік терминал. Терминал Каспий теңізінің негізгі сауда бағыттарының қиылысында стратегиялық мультимодальдық контейнерлік хаб ретінде құрылуда. Терминалдың негізгі сипаттамалары: — контейнерлік алаңның ауданы: 50 000 м²; — 2 арнайы айлақ, әрқайсысы 155 м (20 000 DWT дейінгі кемелер); — 10 км ішкі теміржол жолдары, 300 вагонға арналған сұрыптау станциясы; — бірінші кезеңнің өткізу қабілеті: жылына 120 000 TEU дейін; — жабдық: 2 RMG козловой кран, локомотивтер, ричстакерлер, тартқыштар, буксир; — теміржол, автожол және теңіз бағыттарымен тікелей интеграция. ERSAI компаниясының TransLogistica Kazakhstan көрмесіне қатысуы Қазақстанның көлік-логистикалық инфрақұрылымын дамытудағы және транскаспий сауда дәліздерін нығайтудағы компанияның рөлін көрсетеді.